Жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жезқазған қаласының әкімдігінде Құрылысшылар күніне арналған салтанатты іс шара өтті. Кәсіби мереке қарсаңында шаһардың сәулеті мен инфрақұрылымын қалыптастыруға елеулі үлес қосып жүрген сала мамандарына құрмет көрсетіліп, түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.

Салтанатты жиында қала әкімі Қайрат Шайжанов құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қаланың көркеюі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, атқарылып жатқан ауқымды құрылыстар сала мамандарының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

Мерекелік шара барысында құрылыс, монтаж, жобалау және техникалық қадағалау саласында ұзақ жылдар еңбек етіп жүрген бірқатар маман марапат биігінен көрінді. Оларға облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

«0758 5 ШІ ЗВУКТАН: / / 35 жылдан астам құрылыс саласында жұмыс істеп келе жатырмын. Бүгінгі мереке бәрімізге құтты болсын! Құрылыс саласы маған жас кезімнен ұнайтын. Мектепті 86 жылы бітірдік, содан кейін мен осы құрылыс саласына документ тапсырдым. 91 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын құрылыс саласында. Мен инженер болып тұрдым, сол инженерден енді ведущий инженерге дейін жеттік. Құрылыс саласында жұмыс істеген өте қызық. Жастарды осы жұмысқа шақырамын»

— Төлепберген Қорғанбеков, Құрмет грамотасының иегері

Бүгінде Жезқазғанда құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Инженерлік инфрақұрылым жаңартылып, су құбыры мен кәріз желілері қайта жаңғыртылуда. Жаңа тұрғын аудандары мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп келеді. Осындай ауқымды жұмыстардың барлығы құрылысшылардың табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты