Жаңалықтар

ҚҰТЫРУДАН САҚТАНУ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

ҚҰТЫРУДАН САҚТАНУ   ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

Биыл облыста жануарлардан жарақат алған 361 адам тіркелді. Оның басым бөлігі - иттен зардап шеккендер. Мамандар мұндай жағдайларда уақытты жоғалтпай, медициналық көмекке жүгінудің маңызын ескертеді. Өйткені құтыру - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ол жануардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі арқылы жұғуы мүмкін. Аурудың алдын алуда ең бастысы - жарақат алған сәттен бастап қажетті медициналық көмекті дер кезінде алу. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды үй жануарларын уақытылы құтыруға қарсы ектіріп, иттерді көшеге шығарғанда қарғыбау мен тұмылдырық қолдануға шақырады.

«тан: / / Жарақат алған жағдайда міндетті түрде әр адам емдеу мекемесіне барып қаралу керек. Содан кейін дәрігердің нұсқауы бойынша оған екпе жұмыстары жүргізіледі. Құтыру ауруына қарсы вакцина бар. Ол вакцинаны алған жағдайда ол 100 пайыз уақытылы алатын болса қорғап қалады. Бізде биылғы жылдың 7 айының көрсткіші бойынша 361 адам жарақат алды. Ол жерде негізінен 90 пайызы иттер, одан кейін мысықтардан зардап шеккендер бар,содан кейін жаңағы жабайы жануарлар. Одан кейін бізде мынау ит аулау жұмыстарымен топтың, орман шаруашылығында, ауыл шаруашылығындағы қызметтер, мал сою пункттеріндегілерге жыл сайын жаңағы декретивный контитнгент дейміз осы саладағы мамандарға егу жұмыстарын жүргізіп отырамыз»

— Ерлан Танабаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты