Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ

Бүгін Жезқазған қаласының емханасында «Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мәселелері» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын сала мамандарына тікелей жолдап, қажетті кеңес алды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының мамандары, емхана қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің мамандары қатысты. Бірнеше саланың өкілдері бас қосқан жиында тұрғындар медициналық қызмет көрсету, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке қатысты сауалдарын ортаға салды.

Кездесу барысында тұрғындарға өз мәселесі бойынша қайда және қалай жүгіну керектігі де түсіндірілді. Әсіресе мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу, цифрлық сервистерді пайдалану тәртібіне қатысты кеңестер берілді.

Мұндай кездесулер тұрғындардың мәселесін сол жерде талқылап, қажетті ақпаратты тікелей мамандардан алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді алу барысындағы түсінікті әрі қолжетімді байланысты қалыптастыруға жол ашады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты