Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде білім беру және денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік қызмет көрсету барысында бірқатар бұзушылықтар анықталған.Атап айтқанда, Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасында «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша 34 қызмет алушыға нәтиже уақтылы ұсынылмаған. Сондай-ақ, Қаражал қаласы білім бөлімінің №30 жалпы білім беретін мектебінде білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау қызметі аясында 109 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесі берілмеген.Айта кетейік, мемлекеттік қызмет алу кезінде құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 1 мекенжайындағы №711 кабинетке немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жүгіне алады.

«тан / Аталған фактілер бойынша Департамент тарапынан тиісті ұсынулар енгізіліп, нәтижесінде 143 қызмет алушының бұзылған құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.Жалпы, Департаментпен 2025 жылдың қорытындысы бойынша 800-ге жуық қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады»

— Олжас Жолшыбек, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты