РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ УЧАСКЕҢІЗДЕН ТЫС ЖЕРДЕ ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Ұлытау облысында алдағы референдумға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Егер 15 наурыз күні өз учаскеңізде бола алмасаңыз, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін жеке куәлігіңізбен бірге учаскелік комиссияға жазбаша өтініш беруіңіз керек. Осы негізде сізге есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл туралы толығырақ Ұлытау облысының аумақтық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Бақыт Битенова айтып берді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


