РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕР МАУСЫМЫ

Республика күні қарсаңында өңірдегі сауда орындарында «Republic Day» және «Bereke Fest» жеңілдіктер акциясы өтуде. Науқан кезінде бірқатар тауарға жеңілдік жасалып, тұрғындарға күнделікті қажет өнімдерді төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік берілуде…
Республикалық акцияларды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бірлесе ұйымдастырған. Бастама халықтың қажетті тауарларға қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
1784 Міне, акция аясында ұсынылған тауарлардың бірқатары. Мәселен, мына ұн өнімінің әдеттегі бағасы - 978 теңге болса, акция кезінде оны 861 теңгеге сатып алуға болады. Мұндай тиімді ұсыныстар тұрғындарға күнделікті қажетті тауарларды үнемдеп алуға мүмкіндік береді..
Науқанға облыс орталығымен қатар, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарындағы сауда нысандары да қосылған. Осылайша, мерекелік акциялар өңірдің бірнеше елді мекенін қамтып, тұрғындарға жеңілдетілген бағамен сауда жасауға жол ашып отыр.
1803 Айта кетейік, «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары 27 қазанға дейін жалғасады. Сондықтан тұрғындар мерекелік жеңілдіктерді пайдаланып, қажетті тауарларын тиімді бағамен сатып ала алады. Ең бастысы, сауда жасамас бұрын тауардың бағасы мен акция шарттарын нақтылап алған жөн. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


