Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ

Облыс орталығында интернационалист жауынгерлер Виктор Тарадай мен Асылбек Мамажановты еске алуға арналған бокстан 33-ші республикалық жасөспірімдер турнирі басталды.

Турнирдің мақсаты – жасөспірімдер арасында боксты дамыту, спортшылардың шеберлігін шыңдау және интернационалист жауынгерлердің ерлігін ұлықтау. Ашылу салтанатына Жезқазған қаласы әкімінің міндетін атқарушы Рүстем Есмағанбетов, спорт саласының өкілдері, ардагерлер, жаттықтырушылар және жас спортшылар қатысты.

Мұндай жарыстар тарихи жадыны сақтап, жас ұрпаққа ерлік пен Отан алдындағы жауапкершіліктің мәнін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Додаға еліміздің тоғыз өңірінен 200-ге жуық жас боксшы қатысып жатыр. Олар он салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

«Бокспен екі-үш жылдан бері айналысамын. Бұл спорт маған бірден ұнады. Жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алған сайын қызығушылығым арта түсті. Қазір өз деңгейімді көтеріп, алдағы жарыстарда жақсы нәтиже көрсетуге тырысып жүрмін. Жезқазғанға бұған дейін де бір рет келгенмін»

— Руслан Айтенов, турнирге қатысушы, Астана қаласы

Республикалық деңгейдегі жарыс жас спортшыларға тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға септігін тигізбек. Турнир 3 қазанға дейін жалғасады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты