Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖЕЗҚАЗҒАНДА

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ   ЖЕЗҚАЗҒАНДА

Өңірге – Түркістан облысынан жеткен «Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті...

Республикалық жылжымалы көрмеге – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығындағы құнды жәдігерлер қойылған. Еліміздегі музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және әр өңірдің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатын көздеген көрмеде көне Күлтөбе қалашығын зерттеу барысында табылған 172 дана түрлі жәдігер ұсынылуда.

Іс шара барысында ұлытаулық еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері көрме жайында ой пікірлерін ортаға салды. Сала мамандары мұндай жобалардың тарихи жадыны жаңғыртудағы маңызы зор деген пікірде.

Айта кетейік, 6 тамызда бастауын алған көшпелі көрме Ұлытау облысында 6 шы қыркүйекке дейін болады. Әрі қарай көрме – Жамбыл облысына жол тартады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты