Жаңалықтар

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ҚОҒАМДЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ҚОҒАМДЫҚ БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

Облыс орталығында рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – қоғамдық бірліктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында конфессияаралық татулықты нығайту, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді сақтау мәселелері талқыланды.

Ұлытау облысының дін істері басқармасы ұйымдастырған кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, діни бірлестіктердің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Құрметті қонақ ретінде «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті Төлеген Мұхамеджанов шақырылды. Басқосуда зайырлы мемлекет қағидаттары мен ар-ождан бостандығының маңызы айтылды.

«Бүгінгі кездесуде мерекелік құттықтаулармен шектелмей, екі өзекті мәселені талқылауды ұсынамыз. Оның бірі – зайырлы мемлекеттің конституциялық негіздері болса, екіншісі – дінаралық диалогты дамытуға бағытталған нақты бастамалар. Сонымен қатар өңіріміздегі рухани келісімді нығайту жөніндегі ұсыныстарды тыңдағымыз келеді»

— Бақытжан Жайлаубаев, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Қатысушылар діни салада жасанды интеллектіні қолдану этикасы мен климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі діндердің рөлін де талқылады. Сонымен қатар өңірдегі Діни бірлестіктер клубының жұмысы сөз болды. Клуб аясында мәдени іс-шаралар мен қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылып келеді.

«ВИДЕО: С1867 өзіңіз ала беріңізші, даусы маған естілмейді. Рухани келісім конгресін өткізу идеясы 1992 жылы пайда болды. Бастапқыда конгресті ұйымдастыруда қиындықтар туындағанымен, бұл бастаманы жүзеге асыруға ниетті азаматтар ортақ мақсат жолында бірікті. Мен де өз қаражатымды осы іске жұмсап, жұмысты бастауға атсалыстым. Осылайша түрлі дін өкілдерін біріктіріп, рухани келісім мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама қолға алынды»

— Төлеген Мұхамеджанов, «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының президенті

Кездесу соңында жастармен ағартушылық жұмыстарды жандандыру, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және бірлескен қайырымдылық бастамаларды жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты