«САҒАТТАР СЫРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінде «Сағаттар сыры» атты көрме ашылды. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары музей қорындағы сирек және тарихи маңызы бар сағаттарды тамашалай алды.
Лента қию сәті 0877 Жалпы музей қорында 54 мыңнан астам экспонат жинақталған. Ал бүгінгі көрмеге музейдің 40-50 жылдық тарихынан таңдалып алынған 74 сағат қойылды. Олардың арасында елімізге танымал Төрегелді Шарманов, Ошақбай Асылбеков сияқты тұлғаларға тиесілі сағаттар бар. Ал ең көне экспонат - 19–20 ғасырларға жататын Павель Буре сағаты. Ол 1986 жылы Қарсақпай кентіне жүргізілген экспедиция кезінде музей қорына енгізілген.
Іс-шараның басты мақсаты - өңірге еңбегі сіңген азаматтар мен олардың ұрпақтары, сондай-ақ қала тұрғындары сыйға тартқан қалта, қол, алқа және қабырға сағаттарын музей қорынан көрсетіп, таныстыру болды. Шара барысында қонақтар әрбір сағаттың тарихын тыңдап, өз естеліктерімен де бөлісті.
«тан / Қазіргі заманда неше түрлі сағаттар шығып жатыр ғой.Электронды сағат шығып жатыр,сотка сағат шығып жатыр.Бірақ ескінің аты ескі,көне заманда шыққан сағаттар,одан кейінгі шыққан сағаттар.Енді әрқашанда музейіміз экспонаттарға тола берсін,көбейе берсін.Менің өткізген сағатым «Заря» деген қолсағаты.60шы жылдары шыққан сағат.Оны менің уақытымда әкем таққан болатын.Одан кейін мен ол сағатты музейге өткіздім»
— Өтеген Ахмет, еңбек ардагері
Айта кетейік, музейдің ұйымдастыруымен қазір «Тарихта өз атыңды қалдыр» акциясы да өтуде. Ақпаннан мамырға дейін тұрғындар тарихи маңызы бар заттарын музейге тапсыра алады. Ал «Сағаттар сыры» көрмесі 20ақпанға дейін жалғасады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


