Жаңалықтар

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

ҚР Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев қаласында – Ұлытау облысы сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар өтті.

Семинар басталмас бұрын Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Сәтбаевтағы №56 сайлау учаскесінің – алдағы Құрылтай сайлауына деген дайындық жұмысымен танысты. Олар учаскенің жабдықталуын, дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуын және ұйымдастыру жұмыстарының талаптарға сәйкестігін тексерді.

Семинарға - 23 тамыз Сайлау күні өңірде жұмыс істейтін Сайлау учаскесінің төрағалары мен мүшелері қатысты. Ұлытау облысында 138 мың 362 сайлаушы бар. Сайлау өтетін күні өңірде 127 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты