Жаңалықтар

САЙЛАУДА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

САЙЛАУДА ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде Ұлытау облысында мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалуда. Осы бағыттағы жұмысты үйлестіру үшін облыстық, қалалық және аудандық сайлау комиссиялары жанынан арнайы жұмыс топтары құрылды. Олардың құрамына әлеуметтік қорғау саласының мамандары, депутаттар, қоғамдық ұйымдар мен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғайтын бірлестік өкілдері кірді.

Мамыр айында жұмыс топтары облыстағы барлық сайлау учаскесіне мониторинг жүргізіп, қолжетімділік талаптарының сақталуын тексерді. Сонымен қатар жауапты мекемелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар берді. Бүгінде өңірдегі 127 сайлау учаскесі қолжетімділік талаптарына толық сәйкес келеді.

«0472 / Сайлау күні 123 учаскеде мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы бұрыштар жабдықталатын болады. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық сайлау учаскелері орналасқан ғимаратта бұқаралық ақпарат және телекоммуникация құралдарының қолжетімділігі оның ішінде: ақпараттың тактильдік құралдары, белгілер мен символдар, дабыл сигналдары, ғимарат ішінде хабарлағышта және арнайы автотұрақтар қолжетімді болады. Сайлау күні мүгедектер арбасын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелерде еріктілердің көмектерімен жүзеге асады»

— Ізтөлеу Түсіпов, Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

Бұдан бөлек, сайлау күні облыс бойынша сегіз инватакси қызмет көрсетеді. Есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға сурдоаудармашылар көмектеседі. Жалпы Ұлытау облысында дауыс беру құқығына ие 405 мүгедектігі бар азамат тіркелген.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты