Жаңалықтар

САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ

САЙЛАУҒА ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ

«Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу және дайындық жұмыстарының барысы.» Аталған мәселелер бүгін Орталық Сайлау комиссиясы мүшелерінің – өңірдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдерімен өткен кеңейтілген кеңесте кеңінен талқыланды...

Ұлытау облысында 138 мың 362 сайлаушы бар. Сайлау өтетін күні өңірде 127 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның төртеуі – жабық учаске. Жиын барысында Сайлауға дейінгі дайындық жұмыстары белгіленген күнтізбелік жоспарға сәйкес егжей-тегжейлі пысықталды.

Сондай-ақ кеңесте жергілікті құқық қорғау органдарының баяндамасы да тыңдалды. Сайлау өтетін күні – қоғамдық тәртіп пен төтенше жағдайдың алдын алу мәселелері басты назарда болмақ. Ал, Сайлау комиссиялары өз қызметінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға ерекше мән беру қажет. Орталық сайлау аппараты өкілдері – өңірдің Сайлауға дайындығына оң бағасын берді.

Мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысы сайлауды сапалы ұйымдастыруға үлесін қоспақ. Аталған ретте, Орталық сайлау комиссиясы – Құрылтай сайлауының дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра беру керектігін айтты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты