Жаңалықтар

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ САРАЛАНДЫ

ҚР Орталық сайлау комиссиясы - 23 ші тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлауға өңірлердің дайындығына кешенді тексеріс жүргізуде. Аталған тексеріс аясында Орталық сайлау комиссиясының өкілдері Ұлытау облысына арнайы келіп, аймақтың Құрылтай сайлауына дайындық барысын бағамдады...

Инспекциялық сапардың алғашқы күні Орталық сайлау комиссиясының мүшелері облыс орталығындағы бірқатар сайлау учаскесінде болып, ондағы дайындық барысы мен азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, ақпараттық бұрыштардың жабдықталуы, қажетті материалдардың қолжетімділігі тексерілді.

Құрылтай Сайлауы күні өңірде 127 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Тексеріс кезінде мүгедектігі бар жандардың өзге дауыс берушілермен бірге таңдау жасауына жасалған жағдайлар да назарға алынды. Ұлытау облысында дауыс беру құқығына ие 405 мүгедектігі бар азамат тіркелген.

Аймақта Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда. Айта кетейік, Құрылтай сайлауына 12 күн қалды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты