САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Дауыс беру басталғанға дейін азаматтар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексере алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда дауыс беру орнын өзгертуге құқылы. Бұл рәсімнің мерзімі мен тәртібі туралы Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Татьяна Мацедон айтып берді.
«Құрметті сайлаушылар! Егер дауыс беру күні тіркелген жеріңіздегі сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, 23 шілдеге дейін уақытша болатын жеріңіздегі жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш бере аласыз. Осыдан кейін сіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізілесіз. Әрбір азамат тек бір ғана сайлаушылар тізімінде болады. 7 тамыздан бастап өзіңіз туралы мәліметті сайлау учаскесінен, интернет-ресурс, колл-орталық немесе чат-бот арқылы тексеруге болады. Ал егер сайлау күні өзге елді мекенде болсаңыз, 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін есептен шығару куәлігін алып, Қазақстанның кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз»
— Татьяна Мацедон, Ұлытау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


