САЛА МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлытау облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары марапатталды. 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын биыл елімізде екінші рет аталып отыр.
Салтанатты шараға сала мамандары, ардагерлер мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері қатысты. Жиында олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етудегі еңбегі атап өтілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу, санитариялық қауіпсіздікті сақтау және эпидемиологиялық ахуалды бақылау бағытында маңызды міндеттер атқарып келеді. Бұл ретте салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген мамандардың тәжірибесі де айрықша маңызға ие.
«ВИДЕО: С2938 және СЭС өте маңызды салалың бірі. Ауру болсын, тағы да басқалай жағдайларда алғашқы кезекте әрекет ететін қызметтердің бірі. Осы мерекеге орай облыс әкімінің құрмет грамотасын алып жатырмын. Қуаныштымын»
— Нұрбек Сабаған, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы
Мерекелік шара барысында салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар маманға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ қызметтің дамуына үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіліп, жиын соңында мерекелік концерт ұсынылды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


