Жаңалықтар

САЛАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

САЛАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Бүгін Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған салалық кеңес отырысы өтті. Жиын барысында қатысушылар бизнес саласындағы өзекті мәселелер мен оны қолдау бағыттарын талқылап, өңірде қолайлы кәсіпкерлік орта қалыптастыру жолдары сөз болды.

Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсімінің басты басымдықтарының бірі саналады. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында өткен жиынға Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, салалық кеңес мүшелері мен бизнес қауымдастық қатысты.Отырыста кәсіпкерлердің күнделікті қызметінде кездесетін өзекті түйткілдер көтеріліп, оларды шешу тетіктері мен қолдау шараларын жетілдіру жолдары талқыланды.

Жиында кәсіпкерлердің алдында тұрған әкімшілік кедергілер, қаржылай қолдау құралдарына қолжетімділік, шағын және орта бизнес инфрақұрылымын дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл да талқыланды. Бизнес қауымдастық өкілдері өңірде кәсіпкерлік жүргізу жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің алдында тұрған басты мәселелердің тізімі жасалып, оларды жан-жақты қарау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, туындайтын қиындықтарға жедел әрекет ету және ортақ шешімдер қабылдау мақсатында осындай кездесулерді тұрақты өткізелтін болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты