Жаңалықтар

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

«Ұлытау» спорт кешенінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар арасында спорттық жарыс өтті.Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын дәріптеуге, пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуге және оларды қоғамдық өмірге белсенді тартуға бағытталды.

Іс-шараны облыс әкімдігі Ұлытау облысының прокуратурасы және Полиция департаментімен бірлесіп өткізді. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев қатысып, мұндай бастамалардың азаматтарды қайта әлеуметтендіруде, заң үстемдігін нығайтуда және бұқаралық спортты дамытуда айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Жарысқа Жезқазған және Сәтбаев қалаларынан пробация қызметінің есебінде тұрған 40 азамат қатысты. Олар асық ату, гір көтеру, қол күресі, арқан тарту және таяқ тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен өзара сынға түсті. Әрбір сайыс тартысты өтіп, қатысушылардың қайсарлығы мен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, өзіне деген сенімін нығайтуға және салауатты өмір салтын таңдауға ықпал етеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты