Жаңалықтар

САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН 16 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ

САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫН 16 ҚАРАШАҒА ДЕЙІН ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ

2026 жылдың үшінші тоқсаны бойынша салық есептілігін тапсырудың соңғы мерзімі - 16 қараша. 15 қараша жексенбіге сәйкес келгендіктен, мерзім келесі жұмыс күніне ауыстырылды.Есептілікті тапсыру тәртібі салық режиміне байланысты. Оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер 910.00-нысанды жылына екі рет, ал жалдамалы жұмыскерлері бар кәсіпкерлер 200.00-нысанды тоқсан сайын тапсырады.Декларацияны Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде жіберуге болады. Жіберілген құжаттың қабылданғанын тексеріп, қате анықталған жағдайда түзетіп, қайта жолдау қажет. Сондай-ақ салық төлеу мерзімдері есептілікті тапсыру уақытынан бөлек белгіленеді.Осыған байланысты Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды салықтық міндеттемелерін уақытылы орындап, есептілікті белгіленген мерзімде тапсыруға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты