САЛЫҚ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық саясатындағы бірқатар өзгерістер күшіне енді. Ал, Ұлытау облысының мемлекеттік кірістер департаменті: 2025 жылдың 1 ші жартыжылдығында түрлі санаттағы 14134 салық төлеушінің жеңілдетілген декларация бойынша жалпы сомасы 45 млрд.485 млн. теңге қаржы көлемінде салық төлегенін мәлімдеді. Бұл, өңір үшін жоғары көрсеткіш дейді салаға жауапты мамандар...
-(Биылғы жылдан салық декларацияларында нөлдік кірістер есебінен салық төлеуден әдейі жалтару шаралары бақылауға алынып, оған арнайы талдау жүргізілетін болады. Егер салық төлеудің ірі сомалары анықталған жағдайда материалдар Ұлытау облысының экономикалық тергеу департаментіне жолданады. Негізінен салық саласындағы өзгерістердің тиімді тұсы жетерлік. Ең бастысы, бәрі де белгіленген ережелерге сай болуы керек!)
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


