Жаңалықтар

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ЖИЫНЫ

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ЖИЫНЫ

Жезқазғанда кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары мен жол қауіпсіздігі мәселелері сарапшылардың назарында. Осыған байланысты ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілдігі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынға еңбек инспекциясы, прокуратура, полиция, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және қаланың автомобиль жолдарына жауапты бөлім өкілдері қатысты. Алдымен балалардың еңбек етуіне қатысты заң талаптарының сақталуы сөз болды. Жыл басынан бері Жезқазған прокуратурасы бұл бағытта тұрақты профилактикалық және рейдтік шаралар жүргізіп келеді.

Рейд барысында кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жұмысқа тарту фактілері де анықталған. Сонымен қатар жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 756 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірлескен тексерулер кезінде 20-ға жуық жасөспірім анықталып, бес кәсіпкерге айыппұл салынды.

СНХ Аманжол КӘРІМОВ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі 03042 видео.

Кеңесте бұдан бөлек Жезқазғандағы жолдардың жай-күйі де талқыланды. Мамандар полиция қызметкерлерімен бірлесіп қаланың негізгі көшелеріне мониторинг жүргізген. Нәтижесінде бірқатар жол учаскесінің сапасына қатысты мәселе бары анықталды. Осы бағыттағы жұмысты күшейту бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты