САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ЖИЫНЫ

«Ұлытау облысы бойынша арнайы мекемелерде уақытша ұстау изоляторы, арнайы- қабылдау және №62 мекемесінде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты мәселелер». Өңірдегі - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сараптамалық кеңесінің кезекті жиыны осы тақырыпта өрбіді...
Сараптамалық кеңес жиынына құқық қорғау органдары өкілдері мен аталған кеңес мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Мұндағы талқылау барысында арнайы, сонымен қатар уақытша ұстау мекемелеріндегі адамның жеке құқығы мен медициналық жәрдемнің қолжетімділігі, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау мәселелері көтерілді. Алдын ала тексеру кезіндегі кемшіліктер де айтылды.
Сондай-ақ облысағы түзету мекемелерінің техникалық жағдайына да назар аударылды. Айта кетейік, Бүгінде өңір аумағында Жезқазған, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында төрт уақытша ұстау изоляторы жұмыс істейді..
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


