САРЫАРҚАНЫҢ САҒЫНДЫҒЫ

Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының және Қарағанды облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағындық Қожамсейітов 85 жасқа толды! Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын - облыс әкімі Дастан Рыспеков арнайы құттықтап, сый-құрмет көрсетті…
Сағындық Қожамсейітов 1941 жылдың наурызында Ұлытау даласында дүниеге келген. Еңбек жолын журналистикадан бастаған ол, кейін партия органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында елеулі еңбек етті. Мемлекеттік қызметте де өзіндік қолтаңбасы бар. Айтулы күнде абыз ақсақалға – АстанаданҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жіберген құттықтау хаты табыс етіліп, Облыс әкімі – өңір халқының атынан ақжарма лебізін білдірді.
! ФРГ:4584 Шапан кигізіп жатқан жер Қазіргі таңда Сағындық Қожамсейітов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы ретіндегі міндетін де абыроймен атқаруда. Ол көпшілікке қарапайымдылығы, адамгершілігі және үлкенге деген құрметімен үлгі болып, қоғамдық шараларға белсенді үлес қосып келеді.
«4617 / Бұл 85 жас тек мен емес,өмір бойы бірге қызмет істеген,өмір бойы бірге мәселелер шешкен азаматтардың үлесі деп ойлаймын.Бүгін енді Конституцияға қол қойды Президент.Аса қуанышты күн.Және бұл Қазақстанның барлық азаматтарына 85 ке келсемде мен да Қазақстанның азаматымын ғой. Сол еліміздің ата-заңын іске асыруға, соны орындауға,сол арқылы өзімнің да,елдің да әл-ауқатын арттыра беруге үлес қосамын деп ойлайм»
— Сағындық Қожамсейітов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
ҚР Құрмет ордені, «Шапағат» және бірнеше медальдармен марапатталған Сарыарқаның Сағындығының ғибратты ғұмыр жолы Ұлытаудан қанат қаққан талай жасқа үлгі болары сөзсіз!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


