Жаңалықтар

СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Сәтбаев қаласына да жаңа әкім тағайындалды. Кеншілер шаһарының әкімі болып Кеңгірбай Смағұлов тағайындалды. Кеңгірбай Қоңырұлы 1978 жылы Ұлытау ауданында туған. Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Аталған тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының қызметін атқарған. Қала активіне жаңа әкімді таныстырған өңір басшысы Есет Байкен – Кеңгірбай Смағұловқа коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен экономиканы әртараптандыру бағытында бірқатар міндеттер жүктеді. Ең бастысы: халықпен тығыз байланыс орнатып, бұған дейін қаланы басқарған жас әкімнің жүйелі жұмыстарын лайықты деңгейде жалғастыру керектігін айтты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты