СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

Сәтбаев қаласындағы жылу және сумен жабдықтау жүйесінің бірқатар нысаны жаңғыртылуда. Аталған кәсіпорын жұмысы мен 2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы БАҚ өкілдеріне таныстырылды. Баспасөз турын ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі – жылу және су желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Осы мақсатта магистральдық жылу желілерінің жекелеген учаскелеріне жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ сорғы жабдықтарының жұмысын жақсарту үшін электр қозғалтқышы бар жаңа сорғы агрегаты сатып алынған.
Инвестициялық бағдарламаның тағы бір бағыты – ауыз сумен қамту жүйесін жаңарту. Кәсіпорын №1 және №5 су құбырларының жекелеген бөліктерін жөндеп, желілердің жұмысын тұрақтандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды.
Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жаңартуға да басымдық берілген. Арнайы техникалар инженерлік желілердегі жұмыстарды жүргізуге, қажетті жабдықтар мен материалдарды тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорынның өндірістік міндеттерін жедел орындауына сеп болмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


