СӘТБАЕВТА 30 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Сәтбаев қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттері халықтың әлеуметтік осал топтары мен заңнамада көзделген өзге де санаттағы азаматтарға берілді.
Игілікті шараға арнайы қатысқан қала әкімі Мұрат Бөрібаев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстады. Оның айтуынша, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Кеншілер шаһарында мамыр айында 30 отбасы қоныс тойын тойласа, бүгін тағы 30 жанұя көптен күткен баспанасына қол жеткізді.
Баспаналы болған жандардың қуанышы ерекше! 2014 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған Бекзат Балғабаева үшін бүгінгі күн - өміріндегі ең жарқын сәттердің бірі...
«1524 / 2014 тен бастап осы инвалиднонстьпен очередьде тұрмын. Бүгінгі үй алып жатқаныма өте қуаныштымын.Әкімшілікке, әкімге шексіз алғысымды білдірем. Көп-көп рахмет! Кеше звандады маған, өте қуанышты болдым. Не сенерімді, не сенбесімді білмедім. Сіздің үйіңіздің кілтін алып кетіңіз, сол қуаныштымын»
— Бекзат Балғабаева, Сәтбаев қаласының тұрғыны
Ал, 12 баланы тәрбиелеп өсірген Мәрия Қожағұлова бұл күнді 15 жыл күткен. Көпбалалы ана үшін жаңа баспана - отбасының берекесін арттыратын үлкен қуаныш әрі ұзақ жылғы арманның орындалған шағы.
«1562 / / Бүгін көңілім жақсы. Үй алып жатырмын мінекей. Балаларыма рахмет! Алла разы болсын! Осындай жемісті болыңдар, сендерге де үй бұйырсын айналайындар! Қуанышым қойныма сыймай тұр, бүгін кілт алып міне қуанышты болып тұрмын»
— Мәрия Қожағұлова, Сәтбаев қаласының тұрғыны
Тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жобасы Ұлытау облысы әкімдігі мен Отбасы банк арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылуда. Жалпы, биыл жыл соңына дейін өңірде 900-ге жуық отбасы баспаналы болады деп жоспарланған. Облыс құрылғаннан бері 400 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл тағы 73 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


