СӘТБАЕВТА КИБЕРСПОРТТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Сәтбаев қаласында киберспорт үздіктері бас қосты. Кіл мықтылар жиналған «Satpayev Esports Cup 2026» турнирінде биыл еліміздің әр түкпірінен 500 ге жуық қатысушы бақ сынады.
Киберспорт – спорт әлеміне жаһандану дәуірімен қосылған цифрлық бәсеке. Кеншілер шаһарында ұйымдастырылған турнирдің жалпы жүлде қоры – 5 млн теңгені құрады. 1 ші тамызда бастауын алған доданың ақтық ойындары 16 шы тамызда өтті.
Кіл мықтыдан іріктелген 16 үздік финалдық кезеңде өнер көрсетті. Ойын барысында киберспортшылардың тактикалық дайындығы, жедел шешім қабылдау қағидаты мен шеберлігі және цифрлық технологияларды еркін меңгерулері басты назарға алынды.
Турнир қортындысында командалық және жекелей сында үздік атанғандар жүлделі орындарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірлердегі киберспортты дамыту Қазақстанның заманауи спорттық және цифрлық экожүйесін қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


