Жаңалықтар

СӘТБАЕВТАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

СӘТБАЕВТАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

«Дала дәмі!» Өткен сенбіде өңірде - тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында дәстүрлі жеңілдетілген жәрмеңке ұйымдастырылды... Сәтбаев қаласында өткен жәрмеңке жайында тілшіміз толығырақ тарқатады...

Жәрмеңкеге жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Мұнда ет және сүт өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, жеміс-жидек және басқа да күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылды. Жиналған жұртшылық баға көңілге қонымды дейді.

«(Мен ет алуға келдім, өзім – зейнеткермін! Мұндай жәрмеңкелердің зейнеткерлер үшін жәрдемі мол. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Әр аптай сайын өтіп тұрса деймін.)»

— Владимир Гаага, қала тұрғыны

Жәрмеңкеге облыс әкімі Есет Байкен де арнайы барып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және сауда нысандарының тиімді пайдаланылуын назарға алды. Саудагерлердің ұсыныстары мен қажеттіліктерін зерделеп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде қала әкімдігіне тапсырмалар берілді.

Ал, Сатушылардың айтуынша, қазір күз мезгілі болғандықтан – келушілер тарапынан ет өніміне сұраныс жоғары екен.

Айта кетейік, жәрмеңке апта сайын ұйымдастырылмақ. Баға – нарықтағы саудадан 10-15 пайызға төмен болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты