«SENAT OPEN 2026» ШАХМАТ ТУРНИРІ

Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының III ашық кубогы - «Senat Open - 2026» шахмат турнирі өтуде.
Биылғы турнир жаңартылған форматта өтіп, қатысушылар құрамы да кеңейген. Бұған дейін жарысқа күштік құрылым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен ардагерлер қатысса, биыл оларға мәдениет саласының мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қосылды. Бұл турнирдің ауқымын арттырып, мазмұнын байыта түсті.
Турнир бірнеше кезеңнен тұрады. Жеті іріктеу жарысының әрқайсысында үздік 20 шахматшы келесі кезеңге жолдама алады. Осылайша, ширек финалда 140 қатысушы бақ сынайды. Бұл кезең 12 сәуірге жоспарланған. Ал оның қорытындысы бойынша үздік 35 ойыншы ақтық сынға өтеді.
«5977 / Енді жеңістен үмітіміз зор.Қатысып көріп,өзіміздің бағымызды сынап көрмекпіз.Бұл шахматтқа қызығушылығымыз бар.Соны осы жерде қаншалықты біліміміз бар екенін тексергіміз келіп отыр.Шахмат жалпы бұл мен үшін стратегия. Яғни,шахмат ойнай білген адам алдын ала жоспарлай біледі деп ойлай алам.Себебі әрбір жүрілген жүріс ойлану мен алдын ала жоспарлаумен іске асады»
— Нұрдәулет Қосдаулетұлы, турнир қатысушысы
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған турнир зияткерлік мәдениетті дамыту, кәсіби байланыстарды нығайту және әртүрлі сала өкілдері арасында өзара диалог алаңын қалыптастыруды көздейді. Ертең жарыс жалғасын тауып, білім саласының мамандары бақ сынайтын болады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


