Жаңалықтар

СЕНІМДІ СЕРПІЛТКЕН СҰХБАТ

СЕНІМДІ СЕРПІЛТКЕН СҰХБАТ

Елімізде кейінгі бес жылда қолға алынған ауқымды реформалар әрі қарай да жалғасын табады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Түркістан» газетіне берген: «Қазақстан – жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты.» - атты сұхбатында кеңінен тарқатты. Сенімді серпілткен сұхбат – ұлытаулық жастар арасында да үлкен қолдауға ие болуда...

Өткен жылы ел экономикасы 6 пайыздан астам өсім көрсетіп, ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесіне жеткен. Бұл – мемлекетімізбен қатар, бүкіл өңір үшін рекордтық көрсеткіш. Аталған мәселенің бәрі толығырақ қамтылған Президент сұхбаты тек ақпараттық емес, саяси-бағдарлық маңызға да ие. Сонымен қатар ендігі туризмді түлетуге бастайтын жобалар да серпін алмақ...

Иә, жалынды жастар Мемлекет басшысы әр бастамасына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Олар - Президент тарапынан бұған дейін көтерілген жемісті жобаларға үнемі қолдау білдіріп келеді.

Сұхбатта айтылған ой пікірлер – Қазақстанның бүгінгі саяси қоғамының өзекті тақырыбына айналуда. Ондағы оң бастамаларды жүзеге асыруда әрқайсымыздың белсенділігіміз қажет дейді ұлытаулық жастар.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты