СЕРІК ТІЛЕУБАЕВ 80 ЖАСТА

Ұлытау ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Серік Тілеубаев – 80 жасқа толды! Ел Егемендікті енді алып, еңсе тіктеу жолындағы жауапты кезеңде Ұлытау ауданын абыроймен басқара білген азаматтың табанды еңбегі – жергілікті тұрғындардың жадында. Ауданның әлеуметтік-эономикалық дамуында айрықша қолтаңбасын қалдырған жан – Ұлытаудың терең тарихын зерделеу бағытында да еселі еңбек етті.
Айта кетейік, алдағы уақытта - біздің арнадағы «Елдің адамы» теле-хабарының кезекті саны Серік Тілеубаевтың ғұмыр жолына арналады.
Бейнеқор
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


