«СЕРІКТЕСТІК ТӨРТТАҒАНЫ» ЖОБАСЫ

Өңірде - қоғамдық бастамаларды қолдауға және тұрғындар үшін ашық әлеуметтік алаңдар құруға бағытталған серіктестік төрттағаны атты жаңа жоба өз жұмысын бастады. Аталған ауқымды жобаның алғашқы іс шарасы облыс орталығындағы «Наурыз» саябағында - «Отбасы формуласы» бағытында ұйымдастырылды...
Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен қолға алынған серіктестік төрттағаны - мақсат мүддесі ортақ қоғамдық ұйымдарды бір алаңда тоғыстырады. «Бірлік банеріне» алақан ізін қалдырып, отбасылардың бірлігін насихаттаған шара негізгі төрт бағытты қамтиды. Оның біріншісі, әрине – отбасы құндылықтарын дәріптеу.
«Отбасы формуласы» іс шарасында – 4 отбасы қызықты спорттық сайыстар бойынша сынға түсті. Сонымен қатар мұнда жиналғандарға - ақ әжелер ұлттық қолөнерді үлгі етті.
Игілікті шара барысында – өнерлі оқушылар әннен шашу шашып, мың бұрала би де биледі. Отбасылық эстафетаға белсенді қатысқандарға сый құрмет көрсетілді. Айта кетейік, серіктестік төрттағаны жобасы жыл соңына дейін жалғасады. Қорытынды іс шара – желтоқсан айына жоспарлануда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


