Жаңалықтар

ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ

Ұлытау ауданының орталығында – шағын футболдан 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Ұлытау облысының тұңғыш чемпионаты өтті.

Ұлытау ауданы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе қолға алуымен өткен доп додасына 8 команда қатысты. Олар: Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа, Ұлытау ауданының командалары.

Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек қатысушыларға сәттілік тіледі...

Жалпы Ұлытау ауданында футбол ойыны кейінгі жылдары кеңінен қанат жайып келеді. Аудан орталығында ғана емес, шалдай елді мекендерде де шағын футбол алаңдары салынуда. Бұл жөнінде аудандағы салаға жауапты бөлім басшысы айтты...

Өңірде тұңғыш рет өткен жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар Ұлытау облысының жасөспірімдер құрамасына қабылданбақ.

Тартысты кездесулерге толы болған облыстық чемпионатта Жезқазған қаласының «Батыр» футбол клубы чемпион атанды. Ал, бірінші орын Ұлытау ауданының «Ұлытау» командасына бұйырды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты