Жаңалықтар

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

Облыс орталығында кезекті байрақты бәсеке! Жезқазғанда - шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Ел чемпионатында – республикамыздың 16 өңірінен, 89 жас шахматшы - классикалық шахмат, рапид және блиц бойынша бақ сынауда. Оның 11-і ұлытаулық үміткерлер. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысушыларға сәттілік тіледі...

Жарыстың жалпы жүлде қоры — 2 400 000 теңгені құрайды. Ойындар швейцар жүйесі бойынша 9 турдан өтеді. Бұл додада халықаралық аренаға шығатын үздіктер анықтайтын маңызды чемпионат болмак...

Бәсі биік бәсекеде бұған дейін де талай додаларда топ жарған мықтылар да бар. Олар осы жолғы біріншілікте де үздіктер қатарынан көрінгісі келеді...

-(Менің жасым 14 те! Менің шахматпен айналысып жүргеніме 7 жылдай болып қалды. Менің мақсатым: Ұлытау облысының намысын абыроймен қорғау және чемпион атану! Ойыншыларға сәттілік тілеймін!) -(Мен биылғы жылы 18 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионы атандым. Ал, өткен жылы 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болдым. Мен ең алғаш шахмат үйірмесіне 6 жасымда бардым. Содан бері тұрақты түрде шеберлігімді шыңдап келемін. Жезқазғандағы жарысқа жоғары дайындықпен келдім.) Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 23 ші ақпанға дейін жалғасады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты