Жаңалықтар

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

: Бүгін - ІV Республикалық «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Облыстық әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен өткен Шәкәрім оқуларының облыстық кезеңіне 5 ші – 8ші сынып аралығындағы 30 дан аса оқушы қатысты. Шәкәрім шығармашылығын насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде өтетін байқау «Талап», «Білім», «Таза ақыл» атты үш кезеңнен тұрды.

Қазылар алқасының шешімімен әр кезең бойынша үздіктер сараланып отырды. Ал, шешуші сайыста олар Шәкәрім өлеңдеріндегі терең ойға талдау жасады.

Айта кетейік, Шәкәрім оқулары байқауының республикалық кезеңі сәуір айының соңында Астана қаласында өтеді. Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс хаттары мен сый сыяпаттар табыс етілді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты