SMART POINT ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі цифрлық форматта дамып келеді. Ұлытау облысындағы Smart Point орталықтары тұрғындарға қызметті өз бетінше, жылдам әрі қолайлы алуға мүмкіндік жасап отыр. Бүгінде көптеген қызметті бірнеше минуттың ішінде рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады.
Жаңа жүйе алғашқы күндерден-ақ тұрғындардың сұранысына ие болды. Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындары цифрлық қызметтерді белсенді пайдаланып, мемлекеттік қызметтерді маманның көмегінсіз-ақ алып жатыр. Smart Point іске қосылғалы бері Жезқазғанда 9 мыңнан астам, ал Сәтбаевта мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген. Орталықтарда құжаттарды өздігінен рәсімдеуге мүмкіндік беретін арнайы терминал да орнатылған. Мамандардың айтуынша, бұл жоба қызмет көрсету сапасын жақсартып, тұрғындарға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Smart Point орталықтары мемлекеттік қызмет алудың тиімді тетігіне айналды. Мұнда тұрғындар қажетті қызметтерді өздігінен алып, уақытын үнемдейді. Бұл бастама цифрлық сервистерді күнделікті өмірге енгізіп, халыққа қызмет көрсетудің сапасын жаңа деңгейге көтеруге жол ашып отыр.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


