Жаңалықтар

СПОРТ КҮНІ

СПОРТ КҮНІ

Тамыз айының үшінші жексенбісі – елімізде Спорт күні! Аталған мерекеге орай облыс орталығында сала мамандарына құрмет көрсетілген, салтанатты іс шара өтті.

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Мысты шаһарда аталған бағытта тер төгіп жүрген спорт ардагерлері мен үздіктерін қала әкімі Қайрат Шайжанов құттықтады...

Жылына бір келетін кәсіби мерекеде – спорт саласының ардагерлері, білікті бапкерлер мен чемпиондарға құрмет көрсетілді! Қала әкімі – спорт майталмандарына Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті. Бұдан бөлек, «Бұқаралық спорттың үздігі»; «Үздік төреші»; «Олимпиадалық емес спорт түрі бойынша жыл үздігі» сынды бірнеше аталым бойынша үздіктерге қала әкімінің арнайы сыйлығы берілді.

Салтанатты іс шара жергілікті өнерпаздардың мерекелік ән шашуымен жалғасын тапты. Жас облыстың жарқын жеңістері молынан болғай!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты