СПОРТ САЛАСЫ МАМАНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА

Спорт күніне орай облыс орталығында спорт саласының қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Жігер дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Металлург стадионында ұйымдастырылған жарыста өңір спортшылары спорттың бірнеше түрінен бақ сынады.
Спартакиадаға Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі, Сәтбаев қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, «Намыс» және «Чемпион» спорт клубтары, сондай-ақ облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің командалары қатысты. Басты мақсат - спорт саласы мамандарының басын қосып, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және командалық рухты нығайту.
Қатысушылар спорттың алты түрінен сынға түсті. Жеңіл атлетика, гір тасын көтеру, шағын футбол, арқан тартыс, үстел теннисі мен жүзуден мықтылар анықталды. Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, өзара тартысты бәсеке қалыптастырды.
«Бүгін Жігер спорт кешенінде үстел теннисінен бақ сынап жатырмыз. Спорт күнімен баршаңызды құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй, сәттілік тілеймін. Жарыста әр қатысушыға сәттілік серік болып, ең мықтысы жеңіске жетсін! Спортпен шұғылданыңыздар!»
— Рашид Габиев, спартакиада қатысушысы
«Жігер» спорт мектебінің атынан бақ сынап жатырмын. Жарысқа дайындықпен келдік, көңіл-күйіміз жақсы. Басты мақсатымыз өз шеберлігімізді көрсетіп, жақсы нәтиже тіркеу»
— Сергей Данилов, спартакиада қатысушысы
Тартысты өткен жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медаль, мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал жалпыкомандалық есепте топ жарған ұжымдарға арнайы кубоктар табысталды. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЛИХАН МҰХТАР «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


