Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Заң мен тәртіп!» Аталған қағидатты жүзеге асыру аясында облыс орталығында - Жезқазған жоғары медициналық колледжі мен Жезқазған жоғары политехникалық колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру мәселелері кеңінен талқыланды.

Алдымен мамандар болашақ медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді. Құқық қорғау органдарының өкілдері буллинг, сталкинг, нашақорлық және дропперлік сияқты құқықбұзушылықтардың қоғамға тигізетін зиянын түсіндірді. Сонымен қатар интернет-алаяқтыққа байланысты қылмыстардың белең алып отырғанын айтып, студенттерге жеке деректерін қорғау, банк карталарын бөгде адамдарға бермеу және күмәнді қаржылық операцияларға қатыспау қажеттігін ескертті. Кез келген заңға қайшы әрекет жас маманның болашағына кері әсер ететіндігі де атап өтілді.

Аталған бағыттағы жүздесу әрі қарай Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде жалғасты. Мұнда студенттермен ашық форматта пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Әсіресе жастар арасында кездесетін кибербуллинг және басқа да құқыққа қарсы әрекеттердің салдары нақты мысалдармен түсіндірілді. Алдағы уақытта мұндай кезлдесулер өңірдегі өзге білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен өткізілмек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты