Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ЗАРДАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

СТУДЕНТТЕРГЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ЗАРДАБЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Жасөспірімдер арасында нашақорлық, лудомания, алкагольдік ішімдік және суицидтің алдын алу» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен шараны қалалық прокуратура мен полиция басқармасы бірлесіп ұйымдастырған. Кездесуде зиянды әдеттердің салдары, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз өмір салтын таңдаудың маңызы айтылды.

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Мәселен, 2024 жылы түнгі уақытта көшеде жүргені үшін 250-ден астам баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 700-ден асып, екі есеге жуық артқан.Осыған байланысты құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстарды күшейтуді қолға алған.

Шара барысында мамандар буллинг, интернет-тәуелділік, құмар ойындарға әуестік және психологиялық қысым мәселелерін де талқылады. Студенттер құқықтық сауаттылықпен қатар қиын жағдайға тап болғанда қайда жүгінуге болатынын білді. Сондай-ақ жастарға сенім телефондары мен психолог көмегіне жүгіну жолдары түсіндірілді.

«0633 3ші звуктан / Бүгінгі жиналыс жасөспірімдер арасында нашақорлық,лудомания,алкоголизм және суицидтің алдын алу профилактикасын жүргізді бізге.Бұндай іс-шаралар бізде жиі болып тұрады.Өзіміз білмейтін сұрақтарға бізге жауап береді,өте маңызды ақпарат алдық»

— Әбілмансұр Айтбай, Жезқазған жоғары политехникалық колледжінің студенті

Құқық қорғау органдары мұндай алдын алу шаралары барлық білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен жалғасатынын айтады.Мамандардың айтуынша, жасөспірімдермен ерте әрі жүйелі жұмыс жүргізу - құқықбұзушылық деңгейін төмендетудің ең тиімді жолы.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты