Жаңалықтар

СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА

Өңірдегі су айдындарында қайғылы оқиға орын алды. Шілде айының 26 сы мен 27 сі күндері аралығында үш азамат суға кетіп, қаза тапты... Аталған жағдайға байланысты төтеншеліктер тұрғындарды шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады...

Шілденің шіліңгір ыстығы еріксіз өзен жағасына жетелейді. Ұлытау облысы су айдындарында Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан профилактикалық іс шаралар тұрақты түрде жүргізілгенімен, өкінішке қарай кейінгі екі күнде – 3 азамат суға батып кеткен. Қайғылы оқиғаның үшеуі де суға түсуге тиым салынған аймақтарда орын алған...

Қаза болған үш азаматтың біреуі ересек, екеуі кәмелет жасына толмаған бала. Салаға жауапты мамандар тұрғындарды су айдындарындағы сақтық шараларына мейлінше мұқият болуға шақырады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты