Жаңалықтар

СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

«Су айдындарындағы қауіпсіздік және шомылу маусымына дайындық!» Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг осы тақырыпта өрбіді. Аталған брифинг - облыстық Білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті және Полиция басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жаз мезгілі келе – күн тәртібіне енетін мәселелердің бірі су айдындарындағы қауіпсіздік. Аталған ретте – облыстық Білім басқармасы балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алған. Сәуір-мамыр айларында өңірдегі барлық білім беру ұйымдарына шомылу маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу шараларын күшейту бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оның орындал деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде...

«( Шомылу маусымы қарсаңында облыстың мектептері мен колледждерінде профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Қатысушыларға судағы қауіпсіздік ережелері, шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар туралы түсіндірілді. Жалпы профилактикалық жұмыстармен: 26 045 оқушы, 4 986 студент, 2 649 педагог, 1 327 қызметкер қамтылды.)»

— Гүлмира Жұматова облыстық Білім басқармасының тәрбие жұмысы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы

Түсіндіру жұмыстары сынып сағаттары, кездесулер, ашық әңгімелесулер, бейнероликтер көрсету және тәжірибелік форматта ұйымдастырылған. Бұл кезеңде полиция басқармасы мен төтеншеліктер де қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Көлге - тек рұқсат етілген аймақтарда түсу керектігі де айтылды.

«( облысымызда 4 рұқсат етілген орындар бекітілді (жеке жағажай – 1 (Мадагаскар), демалыс аймағы - 2 (Дом рыбака, Горняк) және 1 спорт нысаны (байдарка мен каноэде есу сабақтарына арналған есу базасы), олардың барлығы Жезқазған қ. Кеңгір су қоймасының жағасында орналасқан)»

— Мұрат Қарақойшы, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының м.а

Айта кетейік, аталған ретте ата-аналардың жауапкершілігі маңызды. Салаға жауапты мамандар балаларды үлкендердің қамқорлығынсыз су айдындарына жібермеу жөнінде де ескертті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты