«СУДЫ ҮНЕМДЕ БОЛАШАҚТЫ САҚТА» ЭКО САҒАТЫ

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында - Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінде «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында экологиялық сағат өтті.Кездесу барысында қатысушыларға су ресурстарының маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары мен үнемдеу мәдениеті кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Су ресурстары және иригация министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Кездесу барысында су ресурстарын тиімді пайдаланудың маңызы мен бүгінгі таңда өзекті болып отырған су тапшылығы мәселесі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, суды үнемдеуге бағытталған жаңа жобалар мен оны қайта пайдалану технологиялары жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Кездесу барысында қатысушылар тақырыпқа белсене араласып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан жан-жақты жауап ала алды. Сондай-ақ, шара барысында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, жоба идеясын дамыту мен ілгерілетуге үлес қосқан оқытушылар мен студенттер арнайы марапаттарға ие болды.
«02866 переовод: Жезқазған университетінде «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында су ресурстарын пайдалану, сумен қамтамасыз ету, суды үнемдеу және оның сапалық құрамын зерттеу сияқты маңызды экологиялық бағыттар қарастырылады. Осындай мазмұнды кездесу үшін баршаңызға алғысымды білдіремін»
— Юлианна Ичева, Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бағыттағы кездесулер жастардың табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


