Таза Қазақстан

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аймақта – «Таза Қазақстан» республикалық жобасы жалғасын табуда. Аталған экологиялық шара шеңберінде бүгін облыс орталығында – «Таза Бейсенбі» акциясы өтті...

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы ұйымдастырған «Таза Бейсенбі» іс шарасы аясында – Алғашқы құрылысшылар алаңында ағаш көшеттері отырғызылып, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

«(«Таза Қазақстан» атты ауқымды жобаға үн қосу әр азаматтың парызы деп білемін. Қазір апта сайын өткізіліп жатқан сенбіліктерден бөлек, «Таза Бейсенбі» іс шарасы да өз жемісін беруде. Бүгінгі ауа райы да ерекше болып тұр. Біз қоғамдық демалыс орнын жинақтап қана қоймай, тал егу жұмыстарын да өткізудеміз.)»

— Сәкен Шаяхметов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы өңірлік кеңесінің төрағасы

Осылайша, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы – өңірлерді көгалдандыру жобасына да қолдау білдіруде. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ұлытау облыстық филиалы мүшелері – мұнда егілген талдардың күтімін де назарда ұстамақ...

Айта кетейік, алғашқы құрылысшылар алаңына егілген ағаштар өңір климатына бейімделген әрі төзімді келеді деп арнайы таңдалып алынған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты