Таза Қазақстан

ЖЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

ЖЕЗДІ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Өңірімзде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жалғасып жатыр.Бұл жолы Ұлытау ауданына қарасты Жезді кентінің тұрғындары тазалық шарасына бір кісідей атсалысты.Іс-шара барысында тарихи орындар мен мәдени-сауықтыру нысандарының аумақтары қардан тазартылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан аршылды. Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.Жауаптылардың айтуынша, басты мақсат – елді мекеннің тазалығын сақтау ғана емес, сонымен қатар тазалық мәдениетін қалыптастырып, оны жастардың бойына сіңіру. Сондай-ақ Жезді кентінің әкімдігі тұрғындардың демалуына қолайлы әрі таза орта қалыптастыру үшін мұндай тазалық шаралары жүйелі ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты