Жаңалықтар

СУҒА ТҮСЕРДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!

СУҒА ТҮСЕРДЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Жазғы демалыс басталысымен өзен-көлдер мен жағажайларға ағылатын тұрғындар саны артады. Дегенмен, мамандар су айдындарында демалу кезінде санитариялық талаптарды сақтаудың маңызын ескертеді. Себебі сапасыз су түрлі жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.

Мамандар тек арнайы жабдықталған, санитариялық талаптарға сәйкестігі расталған жағажайларда ғана шомылуға кеңес береді. Мұндай орындарда су мен топырақ сапасы алдын ала зертханалық тексерістен өтеді. Ал ағынды су құйылатын немесе мал жайылатын аумақтарға жақын орналасқан су айдындарынан аулақ болған жөн. Ашық су көздерінің суын тұрмыстық мақсатта пайдалануға болмайды. Балалардың суға түсуі де ауа мен судың температурасы қолайлы болған жағдайда ғана ұсынылады. Қарапайым сақтық шараларын сақтау - жазғы демалыстың қауіпсіз өтуінің басты кепілі.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты