СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Облыс орталығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөнінде жиын өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары талқыланды. Қатысушылар ұйымдардағы заң бұзушылыққа әкелуі мүмкін жағдайларды алдын ала анықтап, оның алдын алу қажеттігін айтты. Сондай-ақ комплаенс қызметінің жұмысы мен жауапкершілігі сөз болды.
«Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі сыб-жемқорлыққа қатысты комплаенс қызметі рөлі айтарлықтай артылып келеді. Өйткені, ұйымдағы сыб-жемқорлықтың алдын-алуды анықтау, мүдделер қақтығысын тиімд басқару, қызметкерлерге дұрыс бағыт-бағдар беру және ішкі процесстердің ашықтығын қамтамасыз ету осы комплаенс қызметінің негізгі міндеті»
— Ерлан Ермахамбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Кездесуде қоғамда адалдық пен парасаттылықты қалыптастыруға да ерекше мән берілді. Бұл ретте ағартушылық жұмыстарды күшейтіп, заңды сақтау мен жауапкершілік құндылықтарын жастар арасында кеңінен насихаттау қажеттігі айтылды.
«Бүгінгі жиналған форумымыз біздің комплаенс офицерлердің қызметі. Бұл жерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы талдау жұмыстары жүргізіледі. Әр квазимемлекеттік ұйымдарда ішінде болатын комплаенс офицерлердің қызметі. Негізгі сыб-жемқорлықтың алдын алу, ішкі талдауларды жүргізу, қызметкерлердің заңды талаптарының сақталуына көмек есебінде»
— Ерболат Бөрібаев, «Ұлытау облысының прокуратура ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Жиын соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жүйелі жұмыстың маңызы атап өтіліп, белсенді комплаенс-офицерлерге алғыс хаттар табысталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


