Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттырудың маңызды тетігі. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті соңғы екі айда бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырды. Негізгі назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ оған себеп болатын жағдайларды анықтап, жоюға бағытталған. Жұмыстың маңызды бағытының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг. Қазір бұл жұмыс атқарушылық іс жүргізу саласын да қамтиды. Сонымен бірге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне сыртқы талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол ашуы мүмкін рәсімдер мен шешім қабылдау тетіктеріндегі тәуекелдер зерделенуде.

«3562 / Бұдан бөлек, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, артық рәсімдер мен негізсіз есептілікті қысқарту, процестерді цифрландыру және адам факторын азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.Заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру мақсатында мемлекеттік қызметшілермен кездесулер мен семинарлар өткізіліп, мүдделер қақтығысын болдырмау және белгіленген шектеулерді сақтау мәселелері түсіндірілуде.Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің жұмысын жетілдіру бойынша да тиісті шаралар қабылдануда. Жалпы, негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарымен ғана емес, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жүйелі түрде жою»

— Олжас Жолшыбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқарма басшысының м.а

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты