Жаңалықтар

ТАРИХИ МАҢЫЗҒА ИЕ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

ТАРИХИ МАҢЫЗҒА ИЕ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ

«Күлтөбе қалажұрты: көне Түркістан тарихының бастауы!» Осындай атаумен өңірге – киелі Түркістан облысынан республикалық көшпелі көрме келді...

Түркістан облысындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен жеткен көшпелі көрме – өңір Музейіндегі баспасөз конференциясымен бастауын алды. Тағылымды шара Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы орынбасарының алғысөзімен ашылды...

Иә, Ұлытау мен Түркістанның тарихи тұрғыдағы ұқсастықтары жетерлік. Көшпелі көрме – қос өңірдің бүгінгі қоғамдағы рухани байланысын арттыруды көздейді. Келушілер назарына Күлтөбе қалашығын зерттеу барысында табылған 172 дана құнды жәдігер ұсынылмақ.

Іс-шара барысында көрме тұжырымдамасы таныстырылып, арнайы бейнеролик көрсетілді. Айта кетейік, көшпелі көрме Ұлытау облысында 6 шы қыркүйекке дейін болады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты