Жаңалықтар

ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

«Қарсақпай аудандық партия ұйымы “Үлкен террор” жағдайында. Құжаттар мен материалдар (1937-1938 жж.)» Облыстық тарихи-археологиялық музейінде аталған тақырыптағы құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Жинаққа 1937-1938 жылдардағы Қарсақпай аудандық партия ұйымының қызметіне қатысты архив құжаттары мен тарихи материалдар енгізілген. Іс-шара барысында архив құжаттары негізінде тарихтың ақтаңдақ беттерін зерделеу мен тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің маңызы айтылды.Сондай-ақ, жинақты әзірлеуге қосқан үлесі үшін құрастырушы Тұрғанбек Алланиязовқа Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаевтың Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты рәсімде жинақтың тұсауы кесіліп, оны құрастырушылар еңбектің дайындалу барысы мен пайдаланылған архив қорлары жөнінде баяндады. Басылымның тағы бір ерекшелігі - соңында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, кейін толық ақталған 140 Қарсақпайлықтың есімі енгізілген.

«1680 перевод: Бұл жинақтың басты мақсаты - Қарсақпай аудандық партия ұйымында 1937–1938 жылдары болған тарихи оқиғаларды архив құжаттары негізінде оқырманға жеткізу. Басылымға пленумдар, партия конференциялары мен жиналыстардың материалдары енгізілген. Құжаттар «Үлкен террор» жылдарында өңірде де саяси қуғын-сүргіннің кеңінен жүргенін көрсетеді. Сол кезеңде партия және кеңес қызметкерлері, өндіріс орындарының басшылары сын мен өзара айыптаудың құрбаны болып, кейін олардың көпшілігі тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшыраған. Бұл еңбек сол тарихи кезеңнің ақиқатын архив деректері арқылы танытуға мүмкіндік береді»

— Тұрғанбек Алланиязов, жинақты құрастырушысы

Іс-шара соңында жинақтың алғашқы даналары облыстың кітапханаларына, архив мекемелеріне, музейлеріне және жоғары оқу орындарына табысталды. Мамандардың пікірінше, жаңа басылым өңірдің саяси тарихын зерттеуге тың деректер ұсынып, архив құжаттарының ғылыми айналымын кеңейтуге ықпал етеді.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты